ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, әлемде мұнайгазхимия өндірісін пайдалану артып келеді, және Қазақстан мұнайхимия өндірісін дамыту арқылы экономиканы әртараптандырады. Циклогексан өндіретін кешеннің қуаттылығы – жылына 150 мың тонна өнім. Құрылыс кезінде 1500 адам жұмыспен қамтылады, ал эксплуатация уақытында 350 адам еңбекке тартылады. Жобаның жалпы құны – 64 млн доллар.
Айта кетсек, циклогексан –эфир майларын, балауыз, лак, бояуды ерітуші, фармацевтика өндірісіндегі экстрагент.
Автор: А. Соколов
Иллюстрациялық фото