Атырауда «Даму» қоры мүгедек әйелдерге тігін машинкаларын табыс етті
08:00, 29 Желтоқсан 2011
АТЫРАУ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында «Даму» қорының аймақтық бөлімшесі бірнеше мүгдек әйелдереге тігін машинкаларын табыс етті.
Оларды Атырау және Қызылқоға ауданының шалғайдағы Сағыз ауылында тұратын кәсіпкер әйелдер алды.
Атыраудағы қор бөлімшесінде хабарлағандай, бұл шара кәсіпкер мүгедектерге қолдау бағытындағы «Даму-Көмек» бағдарламасының аясында өткізілді. Аймақта бұл бағдарлама бойынша барлығы 11 адам көмек алды. Негізінен бұлар ауылдық жерлерде тұратын мүмкіндігі шектеулі адамдар.