«Анасының айтуынша, 3 күн бойы баланың қызуы көтерілген, ақырында аяғы ісіне бастаған. Бастапқы емдеу мардымсыз болғандықтан, балалар жүрек-қан тамыры аурулары бөлімінде қыздың ауруына «өткір ревматизм қызбасы» диагнозы қойылды. Науқастың өкпесіне ауа мен сұйықтың артық жиналуынан баланың өн-бойы сыздап, әлсірей бастаған, ыстығы 39 градусқа дейін көтерілген. Аяғы ісініп, бөртпелер шыға бастаған. 25 күндей ем-дом қабылдады, соның ішінде 10 күн бойы жан сақтау бөлімінде жатты», - дейді №2 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Раушан Мұқанова.
Оның айтуынша, қазір баланың жағдайы жақсы.
Авторы: А. Соколов