Облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевтің айтуынша, бұл орталық дарынды оқушыларға қолдау білдіру мақсатында ашылған.
«Орталықта оқушылар қабілетіне қарай шеберлігін шыңдауға толық мүмкіндік бар. Мақсат – дарынды балаларға қолайлы жағдай жасау. Мамандар осы бағытта жұмыс істеп, елді елең еткізер нәтиже көрсететініне сеніміміз мол» - дейді басқарма басшысы Сатқан Есенғалиев.
Оның айтуынша, бұған дейін мұндай құрылым әдістемелік орталықта ашылған «Дарын» бөлімі ретінде жұмыс істеген.
Енді жаңа орталықта дарынды балалармен жұмысты жоспарлау, таланттыларды анықтап, оларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу сынды қызмет түрлері жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, жалпы білім пәндерінен республикалық, халықаралық деңгейдегі зияткерлік іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық оқушы алоэ өсімдігінен сусабын мен йогурт жасап шығарғанын жазған едік.