Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Асылбек Шаровтың жаңа қаулысында айтылған.
«Демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің, азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтатылсын» делінген қаулыда.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары ұзартылып еді.