«30 тамызда сағат 18.48-де Атырау қаласының «101» қызметіне Сатыбалдиев көшесіндегі «Дина» базары өртеніп жатқаны жөнінде қоңырау келіп түскен. Құрылыс материалдарын сататын алты бутик өртке оранған. Жалынды сөндіруге Атырау облыстық ТЖД-ның 22 қызметкері мен алты техникасы жұмылдырылған», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 12 полиция қызметкері базар аумағын қоршады.