«Кеше Атырауда 23.33 шамасында Х.Досмұхамедов атындағы № 99 көшесінде орналасқан дөңгелектерді жөндеу шеберханасында өрт болды. Жалпы аумағы 84 шаршы метрді шарпыған жалын 00.47 сағатта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің17 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды», деп хабарлайды Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз орталығы.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.
Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.