Шараны облыстық жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма мен Атырау қаласының жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
«Байқауға қазақ, орыс, әзербайжан, татар, түрік, корей, беларусь, удмурт және өзбек ұлтының 12 қызы қатысты. Олар 2015 жылдың Достық аруы атағы үшін таласты. Алайда байқау достық, бейбітшілік және келісім мерекесіне айналды. Қатысушылардың әрқайсысы өнерін көрсетіп, жиылғандарды өз ұлтының дәстүрлерімен таныстырды. Қатысушылардың барлығы мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендерін көрсетті», - деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде.
№4 облыстық санаторлық-сауықтыру мектеп-интернатының әдіскері, беларусь ұлтының өкілі Әсемгүл Стомма үздік атанды. Каспий маңы заманауи колледжінің студенті удмурт ұлтының өкілі Наталья Михайлова екінші, Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж студенті әзербайжан ұлтының өкілі Минура Жүнісова үшінші орынға ие болды.