«Әйел жедел жәрдем қызметін өзі хабарласып шақырған. Ол облыстық перзентханаға жеткізілді. Оған «кесар тілігі» бойынша операцияны 10 жылдық тәжірибесі бар жоғарыбілікті дәрігерлер жасады.
Сот-медициналық сараптама жасалды. Тексеру жүргізілуде, оған Ана мен бала құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық орталықтың мамандары да қатысуда», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мәншүк Аймурзиева.
Адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Зардап шеккен тараптан түскен арызға сәйкес, ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлігі бойынша («Абайсызда адамның өліміне алып келген медицина қызметкерінің өзінің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауы») қылмыстық іс қозғалды», - деп атап өтті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Қайтыс болған әйел 27 жаста болды. Жана туған егіздерден бөлек, оның артында 3, 6, және 7 жастағы балалары қалды.