Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі көлік те 16 қарашада өртенген.
«Таңертеңгі сағат 08:26-да Атырау қаласының маңындағы Еркінқала кентінде жолаушылар тасымалдайтын «Газель» өртенді. Жек иеліктегі тұрғын үйдің аумағында отқа оранған көлікті сөндіруге 7 қызметкер, арнайы 2 техника, «Пурга-2» өрт сөндіру қондырғы жұмылдырылды. Жалынды өшіру үшін 153 литр көбік шашылды.
Ал екінші «Газель» сағат 11:40-та Атырау қаласындағы Неверов көшесінде өртенді.
Арнайы қызметтің 5 қызметкері мен бір техника жұмылдырылды. «Пурга-2» қондырғысымен 153 литр көбік шашылып, тілсіз жау сағат 11:53-те ауыздықталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.