ТЖД Атырау облысының Ганюшкино кентіндегі авариялық жағдайда тұрған үй еденінің опырылып түскендігін растады.
«Бұл төтенше жағдай Құрманғазы ауданының орталығы Ганюшкино кентінде болды. 1970 жылы салынған екі қабатты үйдің 7 шаршы метрдей бетон едені опырылып түсті. Үйде 70 адам тұрып жатыр. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Үй авариялық үйлер тізімінде тұр»,- деді өңірдегі төтенше жағдайлар қызметі.
ТЖҚ хабарлауынша, ауданда авариялық үйді тексеру үшін арнайы комиссия құрылған. Сондай-ақ, аудан әкімдігі авариялық үйде тұрып жатқан тұрғындарды басқа үйге көшіру мәселесін қарап жатыр.