Атырауда екі көлік соқтығысып, жүргізуші мерт болды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көлік апатыоблыс орталығындағы Бейбарыс пен Тайманов көшелерінің қиылысында болды.Даңғылда «Porsche Cayenne» мен «Volkswagen Polo» көліктері соқтығысты.

«VolkswagenPolo» жүргізушісі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адамзардап шекті.

Куәгерлердіңсөзінше, көліктердің бірі бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кеткен.

Полициядепартаментінің хабарлауынша, жол апаты бойынша, ҚР ҚК-нің 345 бабы 3-ші бөлігібойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аталмыш бап кісі өліміне алып келген жолережесін бұзу, көлікті пайдалану сияқты заңбұзушылықтарды қарастырады.

Соңғы жаңалықтар