Атырауда екі күн бойы іздестірілген ер адамның мәйіті табылды

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Атырауда екі күн бойы іздестірілген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдің Төтенше жағдайлар саласы қызметкерлерінің айтуынша, 48 жастағы ер адам мотоцикліне мініп, жайылымнан келмей қалған малын іздеуге шығып қайтып оралмаған. Туыстары болса оны жақын арадағы қыстаулардың біріне қонып қалған екен деп ойлап, екі күннен кейін ғана іздеу салған.

Жоғалған адамды іздестіру бойынша арнайы операция ұйымдастырылды.

«Жоғалған ер адамның денесі Жаманқұдық қыстауынан 2 шақырым жерден табылды. Ол мотоциклімен келе жатып, мұз қатқан аймақтан өтетін кезде тайғанап құлаған»,-деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

А.Соколов