Атырауда ЕҚЫҰ Орталығының семинары өтті

АТЫРАУ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - ЕҚЫҰ Орталығының астаналық делегациясы Атырау облысында болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырауда болған делегация мүшелері семинар өткізді, онда ЕҚЫҰ секілді ықпалды халықаралық ұйымның жетістіктері мен келешек дамуы, сондай-ақ Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қызметі талқыланды.Қазақстанның осы ұйымға алдағы төрағалық етуі, еліміз алдында ашылғалы отырған жаңа мүмкіндіктер туралы семинарға қатысушыларға ЕҚЫҰ Астана Орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер әңгімелеп берді. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалық етуіне әзірлігі туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі ЕҚЫҰ департаменті директорының орынбасары Арман Әбікенов айтып берді.