«Сотта анықталғандай, құқық бұзушы К. 2018 жылдың қаңтар айында Атырау қаласы СМП шағын ауданында орналасқан үйінде мас күйінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларын электр ұзартқышымен ұрып, жарақаттаған. Ер адам сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды», деп хабарлады әкімшілік соттың баспасөз қызметі.
19:30, 14 Ақпан 2018
Атырауда ер адам балаларын электр сымымен өлімші етіп сабаған
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты балаларын балағаттап, электр ұзартқышпен (электроудлинитель) ұрған ер адамды тұтқындаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.