Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін, 16 шілдеде сағат 13:26 шамасында болған.
«Атырау қаласының іргесіндегі ауылдық округтердің бірінде 1988 жылы туған ер адам тоққа түсіп, мерт болды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын жол апатынан бір адам мерт болып, бесеуі ауруханаға түскен еді.