Өңірдің ІІД баспасөз қызметінен хабарланғандай, төтенше жағдай 22:20 кезінде мерекенің нағыз қызған шағында, көпірдің бойына халық көп жиналған кезде орын алған. Белгісіз ер адам көпірдің қоршауына шығып, Жайық өзеніне секіріп кеткен. Кейін жұртты көмекке шақырған.
Құтқарушылар ағыс адамды бірнеше метрге төмен қарай ағызып әкеткеннен кейін барып келген. Жексенбі күні құтқарушылар Жайықтың түбін сүзіп шықса да, суға батып кеткен адамның денесін таба алмады.
Көпірден секірген адамның аты-жөні анықталмады.