Атырауда ер адамды тепловоз басып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласы «Ақжайық» стансасында оқыс оқиға орын алды.

49 жасар ер адам абайсызда маневр тепловозынының астына түсіп қалып, жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің ақпараттық порталында хабарланды.