Атырауда ертең қоғамдық көліктер тоқтайды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –17 сәуірден бастап Атырау қаласында қоғамдық көліктердің жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік мекемелердің, Атырау қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлерін жұмыс орындарына жеткізу мақсатында қала әкімдігі уақытша арнаулы бағытта жүретін 6 маршрут ұйымдастырды» -деді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.

Әкімнің айтуынша, автобустарда «Тасымалдау әкімдіктен» деген жазу болады. Автобустар маршрут нөмірі және барлық белгіленген аялдамалар арқылы өтеді. Қозғалыс интервалі – 20-25 минут. Автобустар таңертеңгі сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін, кешкі сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін жүреді.

Жолаушылар тек жұмыс орнына жеке басын растайтын құжат ұсыну арқылы тасымалданады. Жолаушылар тасымалы –тегін.


Соңғы жаңалықтар