Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, былтыр 46 автокөлік өртенген.
«Автокөлік өртінің 85% электр желісінің қысқаша тұйықталуы салдарынан болатыны анықталды. Бұған ксенон секілді қосымша жарық шамдарының орнатылуы әсер етеді. Шет елдерден әкелінген көліктер де жиі өртенеді. Ресей Федерациясынан әкелінген 7, Армения Республикасынан жеткізілген 5 автокөлік өртенді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда өрт сөндірушілер 38 адамды құтқарған болатын.