Атырауда Еуропадан келген медицина мамандары шеберлік сабағын өткізді

None
АТЫРАУ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда Еуропадан келген медицина мамандары жергілікті әріптестері үшін «Қазіргі кезеңдегі өндірістік гигиена» атты шеберлік сабағын өткізді.

Оған Еуропадан келген оқытушылар, еңбек гигиенасы жөніндегі Еуропалық форум (EFOH) өкілдері және Нидерланды өндірістік медицина қоғамының (NVAB) мамандары, сондай-ақ өндірістік гигиенамен айналысатын 45 атыраулық дәрігер қатысты.

Шеберлік сабағы Қашаған кен орнын игерумен айналысатын Солтүстік Каспий консорциумына қатысушылардың бастамасымен өткізілді.