«ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның газ бағасын қымбаттату жөніндегі өтінішінің қорытындысын шығарды. 1 тамыздан бастап тұрғындар үшін газдың текше метрі 7,15 теңгеге, 11 пайызға артты», - деп хабарлады облыстың монополияға қарсы ведомствосы.
Газ жеткізуші мекемелердің заңды тұлғалар үшін газ бағасын өсіру жөніндегі өтініштері кері қайтарылды.