АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы газ құю станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқыс оқиға бүгін, 5 маусымда жергілікті уақытпен сағат 08:20 шамасында болған. Атамбаев көшесінде орналасқан автокөлікке газ құю стансысында автоцистерна жарылған. Соның салдарынан өрт шыққан.Атамбаев
«Жарылыстан бір адам зардап шекті. Өртті сөндіруге 16 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр» деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.