Атырауда газдың арзандығына қарамастан, қаңтар айынан бастап электр энергиясы қымбаттады
Қарапайым халық үшін жарық 3,9 пайызға, заңды тұлғалар үшін - 4 және электр энергиясын ауылшаруашылық өнімдерді өңдеуге пайдалатын тұтынушылар үшін 5,1 пайызға қымбаттады.
Бірінші деңгей бойынша электр пештерін пайдаланатын және айына 110 киловатт тұтынатын тұрғындар үшін тариф әр киловаттқа 5,67 теңгені құрайды. Пештерді қолданбайтындар үшін - 5,57 теңге болады.
Екінші деңгей бойынша электр пештерін пайдаланатын және айына 110-нан 190 киловаттқа дейін энергия тұтынатындар үшін тариф әр киловаттқа 7,14 теңгені құрайтын болады. Электр пештерін пайдаланбайтын және айына 90-нан 170 киловаттқа дейін тұтынатындар үшін - 7,14 теңге болады.
Ал үшінші деңгей бойынша айына 190 киловаттан артық пайдаланатындар үшін тариф 8,92 теңгені құрайды. Осындай соманы электр пештерін пайдаланбайтын және айына 170 киловаттан жоғары жағатындар да төлейтін болады.
Еске салайық, Атырау ЖЭС-і электр энергиясын «Теңізшевройл» ЖШС жеткізетін газдан өндіреді. Облыста газдың бағасы Қазақстан бойынша бірнеше есеге төмен.