Атырауға арнайы келген Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкеловтің айтуынша, ұлттық халық санағы кезінде 1 068 адам жұмыспен қамтылғалы отыр.
«Биылғы санақтың бір ерекшелігі қағаз, қалам болмайды. Барлығы электронды түрде өтеді. Бұл үшін 27 мың планшет сатып алынды. Сондай-ақ, санақшының көмегінсіз арнайы сайтта өз бетімен мәлімет толтыруға болады», - деді Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов.
Қазір Атырау облысында 645 мыңнан астам тұрғын бар.
Авторы Жолдасбек Көшербайұлы