Атырауда халықаралық ақындар айтысы өтіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда "Қайта жаңғырған Қазақстан" атты ақындар айтысы өтуде, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сайысқа тек қазақстандық сөз шеберлері емес, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерін келген 20 ақын түсіп жатыр.

Айтысқа Асанәлі Әшімов, Несіпбек Айтұлы, Есенғали Раушанов, Мереке Құлкенов, Бауыржан Халиолла, Алтынбек Қоразбаев, Светқали Нұржан сынды елге белгілі азаматтар қазылық етуде.
 

Айтысты тамашалауға облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың келіп, ақындарға сәттілік тіледі.

"Бұл айтысты бауырлас азаматтардың арасындағы қарым-қатынасты жандандыра түсетін шара деп ойлаймыз. Атырау жеріне қош келдіңіздер!" - деді Нұрлан Ноғаев.

Өңір басшысы, сонымен қатар, төл өнерге жанашырлық танытып жүрген Жүрсін Ерманға, жергілікті және алыстан келген ақындар мен қазылар алқасына ризашылығын білдіріп, шараның Елбасының "Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар" бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтіп жатқанын айтты. 
 

Айта кетелік, екі күндік ақындар айтысының қорытындысы бүгін белгілі болады.