Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырауда «Іздестіру» операциясы өтіп жатыр.
Аталған шара 18 наурызға дейін жалғасады.
«Полиция қызметкерлері екі күнде хабар-ошарсыз кеткен 2 адамды тауып, сот үкімімен халықаралық іздеу жарияланған 3 қылмыскерді қолға түсірді. Халықаралық іздеуде болғанның біреуі – Өзбекстан Республикасының 33 жастағы азаматы. Оған қатысты 2019 жылы Ресей Федерациясы ІІМ РФ Қылмыстық Кодексінің 160-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғаған», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Атырау облыстық полиция департаменті криминалды полиция басқармасының қызметкерлері ұстаған шетелдік уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.