Аймақтық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова хабарлағандай, бұл шара халықта әлі де қару көп және көптеген адамдар одан құтылу үшін полиция органдарына хабарласуға үлгере алмай жатқандықтан жасалып отыр.
1-ші қыркүйектен бастап азаматтардан 135 өтініш келіп түсті. Олар 170 дәрімен атылатын, соның ішінде 8 кесілген қаруды тапсырды. 14 дана қару тапсырғандары үшін оның иелеріне жалпы алғанда 400 мың теңге төленді.