Бірінші топтағы мүгедегі Ләззат Сейілханова 2008 жылы Атырау қаласындағы Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжін заңгер мамандығымен бітірген. Бірақ, осы кезге дейін дипломын алмаған. Оның дипломын алмауына оқу ақысына төлейтін қаржының жоқтығы себеп болған.
Мүмкіндігі шектеулі жанның дипломын алуына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла ықпал еткен.
«Ләззаттың арманын орындау үшін колледж басшыларымен сөйлестім. Білім ордасымен келісімге келдік. Ләззат дипломын қолына алды. Оның қалай қуанғанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», - дейді Серік Қамидолла.