Атырауда «Іnfobus» қосымшасы алынып тасталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Іnfobus» қосымшасы алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұрын Атырауда жолаушылар көлігінің қозғалысы туралы ақпарат беретін «Іnfobus» мобильді қосымшасы бар еді. Енді бұл мобильді қосымша қызметін тоқтатқан.

«Іnfobus» – жеке компанияның иелігіндегі ақылы мобильді қосымша. Жеке компания бізге тегін қызмет көрсетуден бас тартты. Сол себептен, Smart Qala электрондық билеттеу операторымен бірлескен жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде «Аvtobys» қосымшасына Атырау қаласында жолаушы тасымалдайтын автобустардың GPS мониторингі енгізілді», - деп хабарлады «Смарт Атырау» мекемесінің басшылары.

Алайда, жаңа жылдан кейін Атырауда жолға шыққан метанмен жүретін автобустарға GPS жабдығы әлі орнатылмаған.