Атырауда инсультпен ауыратындарға ота жасала бастады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атыраулық дәрігерлер инсульт алған науқастарға ота жасай бастады. Желтоқсанның басынан бастап 17 ота жүргізілді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мұндай мүмкіндікті бізге ангиграфикалық қондырғы берді. Рентген негізінде ол науқастың жасырын патологиясын анықтап, қан тамырларының жағдайын зерттеуге мүмкіндік береді. Алғаш рет дәрігерлер адамдардағы инсульттің әртүрлілігін айқындай алады.

Егер мидың тамырлары жарылатын геморрагикалық инсульт болса, оны  қалпына келтіре аламыз. Егер ишемиялық инсульт болса, оның арнасын тазалаймыз, - деді облыстық аурухана бас дәрігері Саин Шомиров. Жаңа жабдық құны 340 млн теңге.