Атырау облысы экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Әблезовтың хабарлауынша, ақшаны әйел азамат алған, яғни нысанды салу үшін тендер ұтып алған «Зодиак» ЖШС-ның жетекшісі. Ескерткішті салмастан, кәсіпкер әйел құжатты қолдан жасап, ескерткіш салынды деген жалған факт арқылы ақшаны алып алған.
«Зодиак» ЖШС-ның жетекшісіне қатысты қылымыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жіберілді», - деп ақпараттандырды Қ.Әблезов.