Атырауда Исатай-Махамбет атындағы орталық алаң қайта ашылады

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Конституция күні қарсаңында қайта жөндеуден өткен Исатай-Махамбет атындағы орталық алаң ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Жалпы, Конституция күні мерекесіне орай облыс орталығының қонақтары ментұрғындары үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Реконструкциядан өткенорталық алаң 29 тамыз күні ашылады. Салтанатты шарада Д.Нұрпейісова, Н.Жантөрин және Құрманғазы атындағы мәдени ошақтардан академиялық оркестрұжымдары өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, осыкүні Махамбет Өтемісов атындағы облыстық академиялық драма театрында облыстықхалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Конституция – еліміздіңтірегі» атты гала-концерт өтеді. Шараның басты қонағы– Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісіТолқын Забирова.
30 тамызда Ретро-саябақта «Тәуелсіздік тірегі - АтаЗаңым» атты мерекелік концерт жоспарланған.

Айта кетелік, 1қыркүйекте Исатай-Махамбет алаңында қазақстандық мұнайдың 120 жылдығына орай«Open air- 2019» заманауи музыка фестивалі өтеді. Кешке қазақстандық эстрадажұлдыздары қатысады.