Атырауда ішкі саясат басқармасының міндетін уақытша атқарушы тағайындалды

None
АТЫРАУ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевтің өкімімен облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының бастығы қызметін уақытша атқарушы болып Эльдар Тынышбайұлы Жұмағазиев тағайындалды.

Жұмағазиев Э.Т 1973 жылы туған. Атырау Мұнай және газ институтын «Инженер-механик» мамандығымен, РФ жанындағы Ресейдің Мемлекеттік қызмет академиясын саясаткер мамандығы бойынша тәмамдаған. Атырау облысы ішкі саясат департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды, 2006 жылдан бері «Атырау-Ақпарат» КҚК төрағасы болды.