Атырауда қала күніне орай шаһардың дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды
Халық алдында Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы қала оң қарқынмен дамып келе жатқандығын айтты.
Сонымен қатар, облыс орталығында Әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асыратын демеуші компаниялар мен меценат кәсіпкерлер марапатталды. Елбасының «Болашақка бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында кәсіпкер Ибрагим Ақдрашев, депутат Әлібек Семғалиев, «Өмір гүлі» ансамблінің жетекшісі Таныш Жакупова, «КТК және К» компаниясының және «Wheels brothers» мотоклубының өкілдері түрлі номинацияларда марапатталды.
Көрермендер алдында аймақтың жергілікті шығармашылық ұжымдары, сондай - ақ, қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздары - Мәдина Сәдуақасова, Райм мен Артур, Natan және MBand өнер көрсетті.
Мереке соңында 20 мыңға жуық көрермен музыкалық от шашуды тамашалады.