Атырауда қалдықтарды сұрыптау кешені іске қосылды

АТЫРАУ.ҚазАқпарат- Атырауда іске қосылған қалдықтарды сұрыптау кешені 7 түрлі қалдықты сұрыптайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешеннің ашылуына табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеубасқармасының басшысы Қадыржан Арыстан және қала әкімінің орынбасары ҰлықбекТналиев қатысып, жаңа кәсіпорынның жұмысымен танысты.

«Қазіргі таңда қала тұрғындарының ыңғайлылығы үшін тұрмыстыққалдықтарды түріне қарай бөліп жинақтайтын қоқыс жәшіктеріорнатылуда. Бұл қалдықтардысұрыптау жұмыстарына да оң ықпал етеді. Мұның барлығы экологиялықахуалдың жақсаруына септігін тигізеді. Алайда, әр игі істің бастамашысысіздер мен біздер. Сол себепті қала тазалығының сақталуына бірігіпатсалысайық»,- деді қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев.


Айта кетейік, «Арнаулы автобаза» ЖШС–нің мәліметінше қаладан тәулігіне 250–300 тоннаға дейін қоқыс шығарылады.

«Кешен жекеинвестор есебінен Беларусьтағы «Сифания - Экотехника»компаниясынан сатып алынды. Сатып алынған жабдықтар жылына 100 мың тонна қатты қалдықтарды муниципалдық қалдықтарды сұрыптауға арналған. Мұндаәзірге 35 адам жұмыспен қамтылған«, - дейді «Арнаулы автобаза» ЖШС директорыныңміндетін атқарушы Алмас Ізтілеуов.


Кешенге әкелінген қоқыс бункерге түсіріліп, содан кейін көлбеу конвейерарқылы кабинаның ішіндегі сұрыптау тасбасына тікелей түседі. Сол жердеқалдықтардан пайдалы заттар – қайталама полимер, пластик бөтелкелер, макулатуралар,тоқыма өнімдері, металл сынықтары, шыны және сынған әйнектер сұрыпталады. Таспалы конвейер ұзына бойы сұрыпталған қоқысқаарналған контейнер ыдыстармен жарақталған. Жанбайтын органикалық фракцияларбұрынғыша жойылатын болады.