АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 37 адам карантиндік бақылауда жатыр. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Таңбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, провизорлық стационарда 30 адам жатыр. Ал, №2 облыстық аурухананың инфекциялық бөлімінде 3 адам дәрігерлердің бақылауына алынды. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында –2, Махамбет ауданында –1, Жылыой аудандық ауруханасында 1 адам бар.
«Стационарда жатқан адамдар өздерін жақсы сезінеді. Олардан алынған сараптама қорытындысы теріс нәтиже көрсетті. Соған қарамастан, олар әлі де бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болады», - деді Гүлнафис Таңбаева.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.