«Із-түзсіз кеткен 61 жастағы Юрий Барнашовтың жақындары берген ақпаратқа қарағанда, ол 1 тамыз күні үйінен шығып қайтып оралмаған. Юрий Барнашовтың жоғалғандығы туралы өтініш полицияға 2 тамыз күні түскен. Оны іздеу жұмыстары жүріп жатыр» , - деді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Жоғалған ер адамның туыстарының сөзінше, ол соңғы кездері ұмытшақ ауруына шалдыққан.