Атырауда кәріз коллекторындағы ақаудан бір шағын аудан сусыз қалды
Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Балықшы шағын ауданындағы кәріз коллекторында ақау анықталған.
«Балықшы шағын ауданында кәріз коллекторында ақау шықты. Осыған байланысты аталған шағын ауданда 20 шілдеге қараған түні сағат 00:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады», -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ал, Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 20 шілдеде Балықшы ауданында электр жарығын ажырату жоспарланып отыр.
«Жергілікті уақытпен сағат 08:00-19:00 аралығында «Атырау облысы Су Арнасы» КМК қызметкерлерінің Балықшы ықшам ауданында апатты қалыпқа келтіру жұмыстары кезінде Қожақаев көшесінде орналасқан №21, Бейбітшілік көшесінің №62 мекенжайдағы көппәтерлі үйде электр жарығы уақытша болмайтынын қаперге береміз», -деп мәлім етті энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудағы бірнеше елді мекенде тағы жарық болмайтынын хабарлаған едік.
Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 шілдеде шаһар маңындағы бірнеше елді мекен мен шағын ауданда жарықты өшірілді.
«Таңертеңгі сағат 09:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін Атырау қаласындағы «Вокзал маңы-3а», Сарықамыс, Жерұйық, Контейнерный, Нұрсая шағын аудандары мен шаһар маңындағы Еркінқала, Береке, Геолог және Бірлік елді мекендеріне электр қуаты уақытша берілмейді», -деп мәлім еткен еді баспасөз қызметінен.