Сәрсенбі күні түске дейін Авангард шағын ауданының тұрғыны кәріз коллекторының басына орнатылған үйшіктен кішкентай баланың жылаған даусын естіген. Коллекторға жақындағанда тұрғын кішкентай нәрестені көрген. Баланы үйіне алып келген ійел бірден жедел жәрдем мен полицияға хабар берген.
«Иә, мұндай жағдайдың болған рас. Табылған нәресте қыз бала. Қазір оның жағдай ауыр, бірақ тұрақты. Медицина мамандары оның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
А.Соколов