Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, пандемия ушыққан кезде шағын және орта бизнестің 22 мыңнан астам субъектісіне салықтық жеңілдіктер берілген. Ал 5 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі көмек алған.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде 453 кәсіпкер жобасын іске асыру үшін 28 млрд 600 млн теңгеге несие алған. Кәсіпкерлер өз жобалары арқылы 670 жаңа жұмыс орнын ашады», - деді Махамбет Досмұхамбетов.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында кәсіпкерлік нысандарының саны 50 мыңнан асқанын хабарлаған болатынбыз.