Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 мамырда қамыс өртін cөндіру үшін Атыраудағы өрт сөндіру бөлімдерінен 13 қызметкер мен АЦ-6-40, Трэкол, Шерп, АСА-20 маркалы арнайы техникалар жұмылдырылған.
«Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 тікұшағымен әуеден барлау жүргізу кезінде шамамен 10,6 гектар аумақта 6 өрт ошағы анықталды. Тікұшақтағы «ВСУ-5» құрылғысымен әуеден су шашылып, жіберу арқылы 4 өрт ошағы сөндірілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Департаментте өртті сөндіруге байланысты іс-қимылды үйлестіру үшін жедел штаб құрылған.
Жағалаудағы қамыс өртін сөндіру жалғасып жатыр.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Каспий жағалауындағы қамыс өртенгенін хабарлаған болатынбыз.