Атырауда кассациялық сот алқасы экс-әкім Рысқалиевтің сотталған ҰҚТ мүшелерінің шағымдарын қарады
07:28, 31 Шілде 2015
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда кассациялық сот алқасы экс-әкім Рысқалиевтің сотталған ҰҚТ мүшелерінің шағымдарын және прокуратураның кассациялық наразылығын қарады.
«Барлық бұрын шығарылған үкімдер жаза мерзімдері бойынша күшінде қалды. Үкім тұтқындалған мүліктердің бөлігін мемлекет кірісіне алу бөлігінде ғана алынып тасталды. Атырауда 2 пәтерді, Алматыда пәтерді, Атырауда екі үйлерімен бес жер учаскесін тұтқындау алынып тасталды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
Еске сала кетейік, іздеуде жүрген экс-әкім Б.Рысқалиевтің командасында жұмыс жасаған шенеуніктер мен кәсіпкерлер тобы әртүрлі мерзімдерге сотталған болатын. Облыс әкімнің бұрынғы орынбасары Болат Дәукенов 15 жылға, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Асқар Әбдіров 12 жылға мүліктерін тәркілеумен қатаң режимге сотталды.