Атырауда қатарынан 7,5 мың адам қара жорға билейтін болады
15:36, 28 Қыркүйек 2010
АТЫРАУ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Қазанның 2-сі күні Атырауда қатарынан 7,5 мың адам қазақтың ұлттық биі қара жорғаны билейтін болады. Тамаша би көрінісі Қала күніне арналып ұйымдастырылмақ.
Іс-шараның атқарушы директоры Манарбек Ермұхановтың ақпараты бойынша, қыркүйектің 28-і күні 6,5 мың адам би билеуге дайын болды. Олардың барлығы белсенді түрде дайындық жұмыстарына қатысуда. Бірнеше ірі еңбек ұжымдары шоуға қатысуға өздері ниет білдірген. Қазанның 2-сі күні қара жорға билейтіндердің қатары 7,5 мың адамға жетеді деп көзделген.