«Иа, расымен де ондай жағдай болды. Кот-д-Ивуар азаматы құзырлы органдарға арыз берген жоқ. Алайда, біз ол оқиға туралы әлеуметтік желілерден білдік»,-деді облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.
Куәгерлердің айтуынша, футболшының бас киімін ойыншылар сап түзеп кетіп бара жатқан сәтте жанкүйерлердің бірі жұлып алып кетті. Осы оқиғаға өз пікірін білдірушілердің барлығы бұның атыраулық футбол жанкүйерлері үшін ұятты жағдай болғанын жазуда. Көпшілігі келесі жолы Жерар Гоу Атырауға келгенде оған оған жаңа бас киім мен Атыраудың логотипі бар бейсболка сыйлау қажет деген пікірлерін білдірді.