Атырау облысы Махамбет аудандық сотында Б. есімді азаматқа қатысты ӘҚБтК 434-бабы, 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қаралды. Заң бұзушы Б. 2019 жылдың қаңтар айында WhatsApp мессенжері арқылы қайын енесінің мазасын алып, ауыр сөздермен балағаттаған. Осылайша ұсақ бұзақылық жасаған.
Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісі үшін өкінетінін айтты. Сөйтіп қайын енесінен кешірім сұрады. Дегенмен, жәбірленуші Т. күйеу баласын кешірмегенін айтып, оны заң бойынша қатаң жауапкершілікке тартуды өтінді.
Сот Атырау тұрғынын айыпты деп тауып, оған 1 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.