Атырауда қаза тапқан көпір құрылысшыларының отбасылары 1 млн. теңгеден алады

АТЫРАУ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда қыркүйектің 11-інде салынып жатқан көпірдің орталық аралығының құлауы кезінде қаза тапқан бес жұмысшының мәйіті олардың туған жерлеріне - Алматы және Қызылорда облыстарына жеткізілді.

«Трансқұрылыскөпір» АҚ бас директоры Ғабиден Қайымсұлтановтың айтуынша, жерлеуді ұйымдастыру үшін қаза тапқан құрылысшылардың барлығының отбасыларына 100 мың теңгеден бөлінген. Сонымен қатар, әрбір отбасыға 1 млн. теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылданды. Қаза болғандардың асырауында болған балалар да көмексіз қалмайды. Егер қаза тапқандардың балалары оқитын болса, 18 жасқа немесе 21 жасқа дейін оларға ай сайын материалдық көмек төленетін болады.