Атырауда Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы форумына дайындық басталды

None
АТЫРАУ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырауда 2014 жылы өткізілуі жоспарланған Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығы форумына дайындық басталды.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің хабарлауынша, екі елдің аймақаралық ынтымақтастығының кезекті Х1 форумына дайындық бойынша штаб құрылған. Форумның тақырыбы: «Көмірсутек саласындағы инновациялар». Штабқа әкімдік бөлімшелері жетекшілерінен басқа, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының, «Теңізшевройл», «Ембімұнайгаз», АМӨЗ өкілдері кірді. Шаралар жоспары бектілді, сметалық құжаттар жобасын әзірлеу басталды.