Атырауда «Қазақстанның еңбек ері» атағына ие болған ардагер мұнайшы Ұзақбай Қарабалинге құрмет көрсетілді

None
АТЫРАУ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Атырауда «Қазақстанның еңбек ері» атағына ие болған ардагер мұнайшы Ұзақбай Қарабалинге құрмет көрсетілді.

Өмір бойы мұнай өнеркәсібінде жұмыс істеген Ұзақбай Қарабалин - бұл салада жоғары атаққа ие болған бірінші мұнайшы.

Сөз сөйлегендердің атап өтуінше, ол Қазақстандағы мұнай саласының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосты.

Ардагерге құрмет көрсетуге арналған жиналыста оған сондай-ақ Атырау облысының Құрметті азаматы атағы берілді.