Атырауда келінінен таяқ жеген ене ауруханадан бір-ақ шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 107-бабының 1-бөлігімен сотталушы О.Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы О.Н. Таңдай селосындағы өз үйінің ас бөлмесінде ыдыс аяқ жуып жатырған уақытта өзімен бірге тұратын енесіне ашуланып, енесін бетінен ұрып жіберіп, жерге құлатқан. Соның салдарынан жәбірленуші Ж.А. Махамбет аудандық ауруханасына түседі, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.                    

Басты сот талқылауында сотталушы О.Н.өзінің әрекетіне өкінетіндігін, жәбірленушіден кешірім сұрағанын, ал жәбірленуші сотталушының өз баласының жолдасы болғандықтан онымен медиация тәртібімен татуласқанын, ешқандай талабы жоқ екенін, кешірім бергенін айтқан.

Сот іс құжаттарын зерттеп, сотталушы О.Н. мен жәбірленушінің медиация тәртібінде татуласқанын ескеріп, Қазақстан Республикасының 68- бабының 1-бөлігі негізінде аталған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.